15.06.2018, 15:52
Қараулар: 410
«Өрле, Қазақстан» АНТ ауданымызда

«Өрле, Қазақстан» АНТ ауданымызда

Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен келген облыстық «Өрле, Қазақстан» ақпараттық-насихат тобының  ауыл жастарымен кездесуін (Бөкей ордасы колледжі базасында) жастармен жұмыс жөніндегі аудандық ресурстық орталық ұйымдастырды.

Топ құрамындағы жастармен жұмыс жөніндегі облыстық ресурстық орталық басшысының орынбасары А.Жақсығалиева, «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Мектепқалиева,  «Батыс-Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Берікқалиев, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы кооперация бөлімінің бас маманы Ж.Қалешова, білім басқармасының кәсіптік білім және кадрлар дайындау бөлімінің бас маманы А.Испенбетова, дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы А.Әбдірашид қойылған сұрақтарға жауап берсе, «Жайық жастары» көңілді тапқырлар командасы өздерінің әзілдерін көрермендерге тарту етті.

Ернар ШАКЕНОВ.

жастармен жұмыс жөніндегі

аудандық ресурстық

орталықтың маманы.