3.07.2018, 9:28
Қараулар: 382
Сәт сапар, жас маман!

Сәт сапар, жас маман!

Бөкей ордасы колледжінде биылғы түлектерге кәсіби білімі жөніндегі диплом табыстау салтанатын директор Бағдат Лұқпанов ашып, төрт мамандық бойынша («Тракторшы-машинист», «Аспазшы», «Сатушы», «Өңдеу құрылыс жұмыстарының шебері») 50 адам бітіріп отырғандығына тоқталды. Оларға дипломға қоса кәсіби даярлығының деңгейін бағалаудың біліктілік сертификаты беріліп, қоғамдық шараларда белсенділік танытқан және шығармашылығымен ерекшеленгендер алғысхатпен марапатталды. Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық ресурстық орталықтың басшысы Исатай Құрмашев жас мамандарды құттықтап, алған білімдерін өмірмен ұштастыруды тілесе, ата-аналар атынан сөз алған Орынғаным Бекенова білім ұясына ризашылығын жеткізді. «Тракторшы машинист», «Аспазшы» топтарының түлектері Мейрамбек Мұқаев пен Аягүл Аязбаева: «Бүгін қобалжуға толы күн. Үш жыл ішінде колледж бізді біліммен қаруландырды, тәрбие берді, кәсіпке баулыды, өнерімізді шыңдады. Білім ордасына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Ұстаздарымыздың үкілеген үмітін ақтау үшін аянбай тер төгеміз»,-десті.

Салтанатты шара соңы студенттердің шағын концерттік бағдарламасына ұласты.

Айша ТІЛЕКҚЫЗЫ.

құттықтаймыз

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.