«Мектепке жол» акциясы аясында М-С.Бабажанов атындағы орта мектепте ұйымдастырылған «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» атты шарасына кәсіпкерлер Анаргүл Дәулетова, Светлана Оразова, Жазира Сұлтанғалиева, Жанболат Наурызов, Салтанат Шәріпқалиевалар үн қосып, аз қамтылған отбасы балаларына киім-кешек пен оқу-құралдарын алып берді. Айта кетелік, мектеп ұжымы жаңа оқу жылы қарсаңында рейдтік шаралар жүргізіп, «Сіздің балаңыз мектепке дайын ба?» тақырыбында ақпараттық бұрыш жасақтады және демеушілерді көптеп тарту мақсатында орталық көшелердегі хабарландыру тақталарына үнпарақтар ілді.
Бар жақсыны балаларға ұсынатын, әркез бүлдіршіндерге мейіріммен қарап, оларды қуантуға асығатын дана халықтың ұрпағымыз ғой. Кең жүрек, қолы ашық жандар әлі де белсенділік танытады деген сенімдеміз.
Жанна СҰЛТАНОВА,
әлеуметтік педагог.