Осы тақырыпта ауданымыздың мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы білім беретін орта мектептерге облыстық Білім Басқармасы жанынан әдістемелік көмек көрсетілді. Білім беру нысандарын зерделеген команда М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің базасында семинар өткізді. Семинарға мектеп, балабақша директорлары және сала мамандары қатысса, облыстық білім басқармасының бас маманы Сәулеш Хамзина модераторлық етті. Сонымен қатар шарада облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің меңгерушісі Райса Маселова, аймақтық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің тифлопедагогы Ерік Тұяқов, аудандық Бөкей Пптк мекемесінің меңгерушісі Айнаш Атаева тақырыптық баяндамалар жасап, кеңестерін ортаға салды.