5.04.2019, 12:49
Қараулар: 1070
БӨКЕЙЛІК БАРД ОРЫНДАУШЫЛАР табыспен оралды

БӨКЕЙЛІК БАРД ОРЫНДАУШЫЛАР табыспен оралды

Наурыздың 28-31 аралығында астанамызда өткен «Перне тамшылары – 2019»  республикалық гитаралы әндер фестивалі өтті. Өнер аламанына аудан атынан қатысқан аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Жас қанат» бард үйірмесінің мүшелері үздік өнер үлгісін көрсетті. Аймақтық және облыстық іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен  «Жас қанат» тобы дүбірлі додадан дипломант атанды. Сонымен қатар топ мүшесі бисендік Инабат Асқар қос аталым (автор және орындаушы) бойынша лауреат атанса, Ақжол Бұқар бард әндерді орындаудан лауреат, Фариза Ғабілманапова орындаушы бойынша дипломант танылды. Орталықтың қосымша білім беру педагогы Азамат Файзоллинның жетекшілігімен жетістікке жеткен үйірмешілердің бағындырар биіктері әлі де алда екеніне кәміл сенімдіміз.

Р.АППАҚОВА

құттықтаймыз

Басқа да мақалалар