26.12.2019, 9:27
Қараулар: 410
АУДАН ӘКІМІ Н.РАХЫМЖАНОВТЫҢ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ Н.РАХЫМЖАНОВТЫҢ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті аудан тұрғындары!

Қадірменді жерлестер!

Уақыт жылжып, тағы бір жыл тарих қойнауына еніп,  санаулы сәттерден кейін біз жаңа 2020 жылға қадам басамыз. Қазақ халқы қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан тек жақсылық күткен. Ал жаңа жыл – жүріп өткен жолымызға баға беріп, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке.

Өткен жылда қоғамдағы саяси тұрақтылық және халықтардың шынайы достығы біздің елдегі барлық табыстарымыздың кепілі болды. Ауданымызда кәсіпкерлік нысандар бой көтеріп, жаңа пәтерлер салынып, әлеуметтік мәні зор жобалар іске асырылды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде негізгі салалар бойынша биік белестерді бағындырдық. Өңірдің тыныс-тіршілігін одан әрі жандандыра беру жолында алда тұрған атқаратын істер әлі көп. Алға қойған мақсаттарымызды орындауға бөкейлітердің бай тәжірибесі, ынтымағы мен бірлігі де ең басты негіз болатыны сөзсіз. Сондықтан, мен осындай басты байлықтарымыз арқылы қол жеткен барлық табыстарымыз 2020 жылы да игі қадамдармен жалғасын таба береді деп сенемін. Келе жатқан  жыл біз үшін айрықша маңызды болмақ. Ұлы Жеңістің 75, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын ел болып, абыроймен атап өтуімз керек.

Ардақты ағайын!

Жаңа жыл жақсылығымен келсін, қымбатты жерлестер! Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, баянды бақыт тілеймін! Жаңа жыл баршаңызға тек жақсылық әкелсін!

 

құттықтаймыз

Басқа да мақалалар