12.12.2019, 18:20
Қараулар: 263
БЮДЖЕТТЕГІ ӨЗГЕРІС БЕКІТІЛІП, МӘСЕЛЕЛЕР МАҚҰЛДАНДЫ

БЮДЖЕТТЕГІ ӨЗГЕРІС БЕКІТІЛІП, МӘСЕЛЕЛЕР МАҚҰЛДАНДЫ

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына төрт мәселе қойылып, бәрі де бірауыздан мақұлданды.

Тарқатып айтсақ, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Раушан Абдоллина хабарлаған аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістер де, аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан Айтқалиев айтқан «Ауданның құрметті азаматы» атағын беру мәселесі де құп алынды. Аудандық мәслихаттың сайлау комиссиясы құрамына өзгеріс енгізіп, Жаннұр Батырхановтың кандидатурасы мақұлданды. Жер қатынастары бөлімі басшысы Руслан Карин баяндаған жайылымдық жерлерді басқару және пайдалану жоспарын да халық қалаулылары бекітті.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІ сессиясының шешімімен мекемелер теңгеріміндегі бірқатар автокөліктер жанар жағар майдан газ құрылғысына ауыстырылады. Сонымен қатар біржолғы әлеуметтік көмекке қосымша 800 мың теңге, «Нарын» ән аспаптар ансамбіліне музыкалық аспаптарды алу үшін 2200 мың теңге, балалар техникалық шығармашылық орталығына екі дана 3D принтерін толық құрал-жабдығымен алуға 2262  мың теңге, аудандық саз мектебі шәкірттеріне концерттік аспаптар алуға 600 мың теңге, т.б. Жоғарыда айтқанымыздай, аудандық бюджеттің 19041 мың теңгелік өзгерісі мақұлданды. Халық қалаулыларының №32-2 шешімімен «Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы» атағы Темірболат Еркеғалиевке, Жасқайрат Сұлтанғалиевке, Нағим Тәжмұратовқа беріледі.

Айта кету керек, аталмыш жиын құттықтаудан басталды. Аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов аудандық мәслихат депутаты Серік Сәрсеновты асқаралы алпыс жасымен құттықтап, аппараты және әріптестері атынан мерейтой иесіне иығына шапан жапты. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов та ізгі тілегін жеткізді.

Раушан БАҚЫТОВА