МЕРЕКЕЛІК САУАЛНАМА
- 1. «Егер мен әйел болсам..» деп ойлап көрдіңіз бе?
- Зайыбыңызға қиналып әперген қымбат сыйлығыңыз?
- Сіздің көзіңізбен әйелдің нәзіктігі неде?
- «Қыз кезінде бәрі жақсы…» дегенге келісесіз бе?
- Әйеліңізден қатты қорыққан кезіңіз болды ма?
- Сұлу қызды көргенде ойыңызға бірінші не келеді?
- Зайыбыңызды кім деп еркелетесіз?
- Сіздің жанұяда қаржы министрі кім? Әйелге берген қаржы қайтарымсыз инвестиция ма?
- Әйел адамның боянғанына қалай қарайсыз?
- Ең алдымен зайыбыңыздың қандай қасиетіне бас иесіз?
Әлібек Айтқалиев, аудандық мектептен тыс тәрбие орталығының басшысы:
1.Басқа басқа дәл осы тақырыпта ойланып көрмеппін.
- 8-наурыз анамның туған күні. Айтулы мейрамда анама, жұбайым мен қызыма мерекелік сыйлық дайындау мен үшін бұлжымас дәстүр. Қиналып алып берген сыйлығым жоқ екен.
- Әйелдің нәзіктігі – ізеттілігінде.
- Келісемін.
- Осы кезге дейін қорықпапын.
- Балам үйленбей тұрғанда сұлу қызды көргенде «біздің үйге де осындай бір сұлу келін боп енер ме екен?» дейтінмін.
- Жас кезімізде еркелетіп не бірін айтқан шығармыз. Есейген кезде «кемпірім» деген сөзге мәз.
- Айлық шығынымды алып қаламын да, қалғанын жеңгеңнің қалтасына салып беремін. Құдайға шүкір, үнемді, ысырапшыл емес.
- Кірпік қондыру, жасанды қабақ, үрме ерін дегендер қазіргі жастардың сұранысы болар. Бірақ жасандылықтың аты жасандылық қой.
- Қонақжайлылығы.