8.07.2021, 14:54
Қараулар: 29
АУЫЛҒА «ASHYQ» КЕЛДІ

АУЫЛҒА «ASHYQ» КЕЛДІ

Аудандағы қоғамдық орындарда «Ashyq» жобасы енгізіле бастады. Егер сіз дертке шалдығып, не коронавирусқа шалдыққан науқаспен тығыз қарым-қатынаста болып, карантин талаптарын сақтауға міндеттелсесіңз де, кафе-шайханаға барсаңыз, «Ashyq» жобасына «тұсалып» айыппұл төлеуіңіз мүмкін. QR код түсіріп, арнайы қосымшаға тіркеген кезде «қызыл жолақта» екеніңіз анықталса, 87 510 теңге айыппұл төлейсіз. «Сары жолақтағылар» айыппұл төлемесе де, ескерту алады.

Аудан бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады, күні бүгін тек маусым айына аудан бойынша 72 адам короновирус жұқпасымен тіркелген, бірақ та бұл жағдай жерлестеріміздің КВЖ жұқпасының қауіптілігіне беймәлім қарайтындығын көрсетеді. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 26 маусым 2021 жылғы № 14 қаулысына сай, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар және т.б) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға қатаң тыйым салынған. КВЖ жұқпасымен ауырғандар және олармен қарым-қатынаста болған адамдар 14 күн карантиндік шараларды қатаң сақтау қажет, егерде КВЖ жұқпасымен ауырған адамдардың «Ashyq» жобасы талаптарын бұзу фактілері анықталса, әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын, яғни 87510 т көлемінде айыппұл салынатынын хабарлаймыз. Күні бүгін аудан бойынша екі адам тіркеліп тиісті шаралар қолданылуда. Карантин шаралары бітпей ешқайда шығуға болмайтындығын ескертеміз, – дейді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Света Рамазанова.

Раушан БАҚЫТОВА