- 1992 жылы қабылданған бірегей қазақ туының ою-өрнектері қызыл болған, бірақ көп ұзамай алтын түске өзгертілген.
- Ту түстерінің мағынасын ашуда XVII ғасырдың танымал француз таңбатанушысы П.Асельмдің кестесі жиі қолданылады. Кесте бойынша көк түс – адалдықтың, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, береке-байлықтың белгісі болып саналады. Көк түс – түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Туда көк аспанның шексіздігін білдіреді, сондай-ақ жалпы игілік, тыныштық, бейбітшілік және бірлік символы деп есептеледі.
- Мемлекеттік тудың байқауына Қазақстан, ТМД, Түркия, Германия, Моңғолия елдерінен 1200 -ге тарта суретші қатысқан. 600-ден астам адам пікір білдіріп, 245 сурет жобасы ұсынылды.
- Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков кеңестік кезеңде «Волга» автокөлігінің дизайнын жасаушылардың құрамына қатысқан.
- Қазақстандағы ең үлкен ту Астана – «Атамекен» этномемориалдық кешеніндегі Мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан. Биіктігі – 111 метр. Кешен 2009 жылы салынған.
- 2011 жылы 14 желтоқсанда Оңтүстік Полюстың бағындыру 100 жылдық мерейтойында Қазақстан Республикасының туы Антарктидада орнатылған.
- 7. Біздің ту әлемнің ең биік нүктелеріне орн.атылды. 2011 жылы Мақсұт Жұмаев және Василий Пивцов Азияның ең күрделі тауының Қарақорым Чогори шыңына (8 611 м), 2014 жылы қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Солтүстік Американың ең биік тауына шығып Мак-Кинли шыңына, бөкейлік Надир мен Нұрлыбек Құрымбаевтартар ең биік Эверест шыңында (8 800 м) тікті. 2012 жылы 23 ақпанда қазақстандық Андрей Гундарев Оңтүстік Американың ең биік шыңына «Охос-дель-Саладо» шықты, соның нәтижесінде Қазақстандық ту әлемдегі ең жоғарғы вулканда да орнатылды.