15.01.2021, 17:52
Қараулар: 280
ҚАЛАМПЫР ҚАСИЕТІН БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

ҚАЛАМПЫР ҚАСИЕТІН БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

Кез келген үйдің ас бөлмесінен табылатын қалампыр дәмдеуішінің емдік қасиеті орасан.  Жұпар иісі мен күйдіргіш дәмімен ерекшеленетін бұл өсімдік бағзы замандардан емдік мақсатта  қолданылып келеді. Қалампыр А (бета-каротин), С (аскорбин қышқылы), Е (токоферол), К (филлохинон), РР және В (В1, В2, В3, В4, В6, В9) тобындағы дәрумендерге және калий, кальций, марганец, мыс, күкірт, мырыш, натрий, магний, фосфор секілді элементтерге бай.

 

  1. Қалампыр дәнінен күн сайын 2 данасын шайнап жүрсеңіз созылмалы ангинадан құтыла аласыз

 

  1. Тамағыңыз қызарып, ауру белгілері байқалса қалампырды сағыз секілді шайнаңыз

 

  1. Тамақ ішерден 30 минут бұрын қалампырдың азғана мөлшерін ішіп алсаңыз ішектің ақ құрттарын 2 күннің ішінде жояды

 

  1. Қалампыр шоқтарының құрамындағы эвгенол, кариофиллен және иланген сияқты хош иістері мен 20%-дық эфир майы ағзадағы инфекциялық бактерияларды (стафилококк, кох) жоятын күшке ие.

 

  1. Ауыз қуысының қабынуы,стоматит, периодонтит,гингивит сияқты ауруларға да таптырмас ем. Ауыздан шығатын жағымсыз иістен құтыламын десеңіз қалампырдың бірнеше дәнегін шайнап жүруді әдетке айналдырыңыз.

 

6.Қалампыр сондай-ақ, қатерлі ісікті тоқтатуға және оның қайталануын болдырмауға көмектеседі. Бұл арнайы сынақтармен дәлелденген және тұқым қуалайтын қатерлі ісікке шалдығу қаупі бар адамдарға оны алдын-алу үшін үнемі қолданып отыруға кеңес беріледі.

 

7.Қалампырдың екі данасын шайнау бір кесе кофе ішкенмен тең. Қан қысымының төмендеуінен пайда болатын шаршау, бас айналу және бастың үздіксіз ауруы секілді симптомдарды басуға жақсы әсер етеді.

 

8.Хш иісті дәмдеуіш  ұйқы режимін де қалпына келтіреді

 

9.Шайдың хош иісін, дәмін арттыру үшін қалампырдың бір-екі талын  араластырсаңыз жеткілікті

 

  1. Егер қалампырды отбасы мүшелерінің де ішкенін қаласаңыз келесідей рецепт бойынша қоспа дайындап қолдансаңыз, тұмау сияқты жұқпалы аурулардың алдын аласыз. Қоспаны бір кесе сүтке сары май, ас содасы, бір ас қасық арпа талқаны мен бір тал қалампыр қосып, дайындайсыз.

 

11.Қалампырдың сапасын тексергіңіз келсе, оны кеседегі суға қатты екпінмен лақтырыңыз. Қалампыр дәні тігінен жоғары қалқыса немесе ыдыстың түбінде тігінен тұрса, бұл эфир майы әлі де бүтін және емдік қасиетін жоғалтпағанын білдіреді. Ал көлденең қалқыса   эфир майының буланғанын және терапиялық мәнін жоғалтқанының айғағы

 

Ескерте кететін жайт, егер қалампыр өсімдігіне аллергияңыз болса, балаңыздың сүт тістері түспеген немесе  тісі енді шықса,

қан қысымыңыз жоғары болса мүлдем қолданбаңыз