27.05.2021, 17:11
Қараулар: 29
СТОМАТОЛОГ ТА, СОТ ТА ӨЗІ

СТОМАТОЛОГ ТА, СОТ ТА ӨЗІ

Мүбина (Танашева) Ниязова  – қазақ қыздарынан шыққан алғашқы тіс дәрігері. Ол бастауыш білімді Хұсни-Жамал Нұрлыханова басқарған қазақ қыздарына арналған бастауыш училищеден алған. 1912-1915 жылары Астрахань гимназиясын, ал 1917 жылы Саратов медициналық училищесінің стомотология факультетін бітіріп, Ордаға келген. Осы өңірдегі білімді, металургия инженері Мәдина Бегалиева және қайраткер Алма Оразбаеваның қатарына қосылып, үшеуі халықтың қоғамдық өміріне белсене араласады.

Мүбина Ниязова 1920-1925 жылдары Ордада дәрігерлік қызмет атқарса, 1925 жылдан бастап қызметін заң саласына бұрды. Әсіресе әйелдер құқығының бұзылуына қатысты істерді қарады. Кейін прокурор, Жоғарғы сотта қызмет атқарды.

1937 жылы Алматыда ұйымдастырған акушерлік мектептің директоры қызметіне тағайындалды.

Жолдасы Мірахмет Ниязов халық жауы ретінде атылған, ал Мүбина ұзақ жылын түрмеде өткізіп, босап шықты. Екеуінен Ғинаят, Әубәкір деген ұл, София деген қыз тарады.

Деректерде 1944-1955 жылдары ол Алматыдағы түрлі медициналық мекемелерде қызмет еткені айтылады. Сондай-ақ 1966-1969 жылдары Жоғарғы Совет Президиумының мүшесі болып қызмет етіпті. 1981 жылы Алматыда қайтыс болған.

 Diagnews.Kz сайтынан алынды