5.01.2016, 11:30
Қараулар: 270
Ресейлік әскерилер тартуы

Ресейлік әскерилер тартуы

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай М.Мәметова атындағы орта мектепте қайта жаңартылған әскери даңқ мұражайы жақында тағы да бірнеше экспонатпен толықты. Көршілес Ресей елінің Капустин Яр полигоны басшылығының қолдауымен, нақтырақ айтсақ, Астрахан облысы Знамеск қаласынан арнайы келген подполковник Дмитрий Пименов пен майор Владислав Коньков жерімізді жалға алған әскерилердің күнделікті тіршілігі мен  қысқаша тарихын баяндайтын баннер, сынақтарда қолданылған алғашқы радиостанциялардың блоктарын, ауданымыздың картасы түсірілген офицерлік планшет пен пистолет кобурасын, сонымен қатар полигон басшысы, генерал-майор Леонид Михолаптың аманатын, яғни, бұрынғы ақша белгілерін, әскери кітаптарды салтанатты түрде табыстады. Әрі аталмыш музейді тамашалап, жерлестерміздің ерлігіне қанық болған меймандар қазақ жауынгерлерінің жанкештілігі хақында Александр Бектің «Волокаламское шоссе» атты шығармасын сүйсіне оқитындарын жеткізіп, осындай достастық қарым-қатынасымыз үзілмесін деген тілегін білдірді.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ауданымыздың тарихында өзіндік орын алған әскери сынақтан сыр шертетін экспонаттарды әкеліп табыстағаны үшін ресейлік әскерилерге ризашылығын жаудырса, мектеп директоры Асылхан Аманғалиев аталмыш тарту-таралғылардың жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі маңызына тоқталды.

Сондай-ақ, қонақтар ортақ қорғанысты жетілдіруге бөкейліктердің түсіністікпен қарағаны үшін аудан әкіміне Капустин Яр полигонының басшысы полковник С.Потоцкийдің «Алғыс хатын» тапсырды.

Р.БАҚЫТОВА.

Суретте: 10 сыныптық Ерсұлтан Тулаған қадірлі меймандарға музейді таныстыруда.

 

 

 

"ЖЕҢІС ТАРИХЫ" БАЙҚАУЫ

Басқа да мақалалар