10.05.2017, 12:27
Қараулар: 358
Ханордалық қарт майдангер

Ханордалық қарт майдангер

Ұлы Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов, мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков ханордалық майдангер Нәсіпқали Жұмағалиевтің үйіне барып құттықтап, Алғыс хат пен сый-сияпат табыстады. Тоқсаннан асса да қария әлі тың, Рысқаным апамызбен бірге ұрпақтарының қызығын көріп отыр. Балдақпен жүретіні болмаса, майдангердің сөзі мәнді, әңгімесі әрлі. Жастарға ақылын айтып, өткен күндер шежіресін тарқатып отырған тірі тарих.

Д.ӘЛИЕВ.