3.10.2017, 10:38
Қараулар: 395
Ардагерлер – алтын қорымыз

Ардагерлер – алтын қорымыз

г-771

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Т.Жароков бастауыш ұйымы жетекшісі, Бөкей ордасы колледжі директорының орынбасары Нұргүл Омарованың бастамасымен еңбек күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты ардагерлермен кездесу кеші оздырылды.

 

Онда осыдан жарты ғасыр бұрын Еңбек Ері атанған Ескендір ата Есімов те, еңбек ардагерлері Елдос Кенжеғалиев пен Чарльз Қойшыбаев та бүгінгі заманды өткен күндермен салыстыруға келмейді дей келе, мамандықтың жаманы жоқ, оны тек жақсы меңгеру шарт десе, жас ұрпақ тәрбиесіне белсене араласқан зейнеткер Бақыт Бекеева қазіргі толқынды «Бабалар армандап кеткен тәуелсіздігімізге не береміз?» деп толғанып, заман ағымына сай кәсіппен не өзге де қажетті өндірісті қолға алып, жаңашылдыққа батыл қадам жасауға шақырды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманбай Машотов пен аудандық жастар ресурстық орталығы директоры Исатай Құрмашев осындай мәнді шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізіп, адал еңбек – бәрін жеңбек екенін мәлімдеді. Айта кетелік, шара барысында  ардагерлерімізге арналған өлеңдер оқылып, караокемен ән де шырқалды. Осылайша, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Раушан АППАҚОВА.