27.05.2021, 12:06
Қараулар: 155
ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ШАРАЛАР ШЕГІТКЕНІ ТЕЖЕМЕК

ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ШАРАЛАР ШЕГІТКЕНІ ТЕЖЕМЕК

Биыл ауданымызда үйірлі шегірткеге қарсы 7680 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары өткізілмек. Бұл жұмыстарды республикалық бюджет қаржыландырады деп жоспарлануда. Негізінен Орда ауылдық округінде 6080 гектарды, ал Бисен ауылдық округінде 1600 гектарды өңделмек.  Химиялық өңдеу жұмыстарын атқаратын орындаушылар анықталса, аудан көлемінде атқарылатын жұмысты уақытында және сапалы жүргізуге әзірміз.

Ресей Федерациясының көршілес Волгоград облысында былтыр шегірткенің аумағы едәуір болды, сондықтан шегірткелер  осы аймақтан ұшып келе ме деген қауіп бар. Соған байланысты химиялық өңдеуді жүргізуге келген техниканы шегірткелердің ұшу мезгіліне дейін ұстап күттіруге жұмыстанбақпыз. Шаруа қожалықтардың берген мәліметі негізінде үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу Бисен, Мұратсай, Орда және Сайқын ауылдық округтерінің  жалпы аумағы 2870 гектар жерге жүргізіледі. Оған қаражат облыстық бюджет арқылы бөлінбек.

Мырзабай НҰРҒАЛИЕВ,

аудандық аумақтық

инспекциясының мемлекеттік инспекторы