8.07.2021, 16:06
Қараулар: 84
«NUR OTAN» ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

«NUR OTAN» ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен бүгінгі шара Елордамыз бен Ұлт көшбасшысының туған күніне арналды.

Шара барысында сөз алған партияның аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Исатай Құрмашев, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева, аудандық мұрағат басшысы Қуаныш Елемесов, аудандық мәслихат депутаты Райымбек Құрманғазиев партия төрағасы Н.Назарбаевтың реформаторлық қарым-қабілетіне тоқталып, күн санап көркейген Елордасының даму тарихын, өздері танып білген тамаша орындар туралы әңгімеледі.

Шара соңында партияға мүшелігіне қабылданған түрлі саланың жас мамандарына партиялық билеттер табыс етілді.