12.05.2021, 15:55
Қараулар: 241
Ағайша Хайырова, аудандық аурухананың алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі:

Ағайша Хайырова, аудандық аурухананың алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі:

–Дәрігер болғандықтан пациенттеріміз қиналғанда біздерден көмек сұрап жатады.  Қолдан келер көмек болса береміз ғой. Былтыр КВИ ауруы тап бергенде, әсіресе, маусым-шілде айларында науқастар легі толастамағанда біз бұл дертке  дес бере алмай науқастармен бірге қиналдық. Өзімізді қоярға жер таппадық. Осы ретте бұл ауруды жеңудің бірден бір жолы екпе алу дер едім. Қазір екпені тегін салуда. Ол ауруға шалдықсаң да оны жеңіл түрде өткеруге септігін тигізеді. Сондықтан коронавирус дертіне қарсы екпе келгенде жұбайым екеуіміз бірге барып алғанбыз. Қазір екпенің толық курсын салдырдық. Еш жайсыздық сезінбедік. Жақында ұл-келінім де екінші компонентін алмақ.  Дерттен қорқып тығылғаннан гөрі, жеңуге деген  мүмкіндікті жіберіп алмаған абзал. Сондықтан бәрін де екпе алуға шақырамын.