27.05.2021, 11:13
Қараулар: 140
«САҚТА ЖҮРУ ТӘРТІБІН, ЖОЛЫ БОЛСЫН ӘРКІМНІҢ»

«САҚТА ЖҮРУ ТӘРТІБІН, ЖОЛЫ БОЛСЫН ӘРКІМНІҢ»

Ауданымызда өткен «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аудандық полиция бөлімінің  ЖПҚб УПИ көмекшісі, полиция кіші лейтенанты Р.Мухамбетьяров пен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі УПИ полиция лейтенанты А.Фазыл Сайқын ауылындағы  М-С.Бабажанов пен М.Мәметова атындағы орта мектептің оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар велосипед те көлік құралы екендігін ескертті. Әрі көлік құралдарына қатысты жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптары велосипедтерге де қатысты екендігіне жас ұрпақтың назарын аударды. Сондай-ақ, велосипедші жаяу жүргіншілер өткеліне жақындап, жаяу жүргінші ретінде жолды кесіп өтерде, велосипедті өзімен бірге алып жүруге міндетті екенін айтты.

Дәл осындай түсінік жұмыстары учаскелік полиция қызметкерлерімен ауданымыздағы бірқатар орта мектеп базасында жүргізілді.

Раушан АППАҚОВА