26.02.2021, 18:39
Қараулар: 325
ЛОГОТИП ТАҢДАЛДЫ

ЛОГОТИП ТАҢДАЛДЫ

Ел тарихындағы айтулы дата Бөкей хандығының 220 жылдығы, Жәңгір хан мектебінің 180 жылдығына орай логотип байқауы жарияланғаны белгілі.  Байқауға аудандағы музей-қорық, балалар техникалық орталық пен мектептерден   сегіз үміткер қатысты. Үміткерлердің ең жасы Нұртілек Машан М.Мәметова атындағы орта мектептің 7-сыныбында оқиды.

Арнайы комиссия шешімімен М.Бегалиева атындағы орта мектептің мұғалімі Сағадат Байболаваның жұмысы үздік деп танылды.

– Сағадаттың жұмысы логотиптың көркемдік талаптарына сәйкес, «сөйлеп тұрған» жұмыс, — деп бағалады комиссия мүшесі аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығы басшысы   Мереке Махимов.

Байқауға жұмыстарын жолдаған барлық үміткерге сыйкәделер табысталмақ.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар