Исатай Бекқалиев, зейнеткер:
—19 наурыз күні өз еркіммен «Спутник -v» вакцинасын алдым. Жуырда екінші дозасын алдым. Шынын айтсам, алғашқы екпеден кейін қызуым көтерілді. Дер кезінде қызу басатын дәрі ішіп алдым. Басқа өзгеріс немесе әсер болмады. Екінші дозасы мүлдем сезілмеді. Жалпы айтқанда ағзам екпені жақсы қабылдады десек болар.
Жүрген жерімде насихаттап жүремін. Жуырда жолдасым да алғашқы екпесін алды. Құрдас, достарыма да айтып жүремін. Бұл өте қажет екпе деп ойлаймын. Өз денсаулығыңыз өзіңізге ғана керек, өзіңіз үшін қымбат. Екпе алғанға шекара ашық. Көршілес Ресей елінде туысқандарым көп. Соларды көргім келеді. Қуаныш немесе қайғысым бөліспесек бола ма?! Сондықтан барша жерлестерімді вакцинациядан өтуге шақырамын.