16.04.2021, 10:31
Қараулар: 197
ЕКПЕ АЛУ МІНДЕТ ДЕП БІЛДІК

ЕКПЕ АЛУ МІНДЕТ ДЕП БІЛДІК

 

Асқар АЖЫҒАЛИЕВ, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

– Өткен аптада «Спутник-V» вакцинасының екінші дозасын алдым. Осыдан 21 күн бұрын алғашқы екпесін алған болатынмын. Дене қызуым көтерілмеді, ешқандай ауырсыну байқалмады. Ағзам екпені жақсы қабылдады.

Пандемия пайда болғанда, ХХІ ғасырда тұрамыз ғой. Дамыған заманда неге тездетіп дерттің дәрісі шықпайды деген әңгіме кең тараған еді. Міне, вакцина шықты, енді егілу керек деп есептеймін.

 

 

Мәншүк МҰХАМЖАРОВА, Ш.Жексенбаев атындағы орта мектептің директоры:

  • Ұялы ауылында коронавирусқа қарсы екпе алу енді басталды. Вирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып мен де алдым. Коронавирусқа қарсы ресейлік Sputnik V вакцинасы егілді. Екпе егердің алдында арнайы параққа қол қою арқылы вакцина салдыруға келісімімді бердім. Содан соң дәрігерлер тексеруден өткізіп, екпеге қарсы көрсеткіштердің жоқ екендігін анықтады.  Екпенің маған жанама әсерлері болған жоқ. 21 күннен кейін екінші екпені алатын боламын.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар