12.05.2021, 17:31
Қараулар: 103
ҮНЖАРИЯНЫҢ ҮКІЛІ ҮМІТІ ӨЗІҢІЗСІЗ, АҒАЙЫН!

ҮНЖАРИЯНЫҢ ҮКІЛІ ҮМІТІ ӨЗІҢІЗСІЗ, АҒАЙЫН!

 

Кез келген газет оқырмансыз жетім, оқырманы ғана қолдаушысы. Жарты жылды артқа тастап, жазылым науқаны тағы келді. Аудандық басылымға жазылып, өз газетіңізге қолдау білдіріңіз, ағайын!

Алдағы уақытта да  аудан жаңалықтарына қоса, түрлі тақырыптағы түйткілді мәселелер бойынша мақалаларымызды ұсынамыз. «Тұғырлы тұлға», «Тарихи таным», «Ұлттық код»  беттерінде тарихтан сыр шертіп, «Берекелі бибі», «Ел мақтаған», «Табыс формуласы» беттерінде ел аузында жүрген мақтаулы маман, танымал кәсіп иелерімен кездестіреміз. «Тірілерімен тірімін» бетінде бүгінде бақилық болса да, есімі жүректерде жатталған жақсыларды еске аламыз.

«Дін-діңгек» бетінен имандылық тақырыбындағы мақалаларды оқып, жан-дүниеңізге қорек тапсаңыз, «Керімсал» бетіне жерлес таланттарымыздың шығармаларын оқып, жан жадыратасыз.

«Шетелдегі бөкейлік» бетінде әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген жерлестерімізбен табыстырып, біздің ел мен шетел арасындағы айырмашылықтарды бөкейліктің көзімен сарапқа саламыз.

Бұған қоса «Фотоқор», «Фотоэтюдымыз» қысқа, нұсқа болса да, кереметтей мәліметтерді назарыңызға ұсынады.

«Керек кеңес», «Несібе» бетінде берілетін қажетті тұрмыс кеңестеріміздің кәдеңізге жарары анық.

Бұдан басқалай да жаңа маусымда ұсынатын жаңа беттеріміз бен рубрикаларымыз да бар.

Бәрін айт та, бірін айт! Мұның бәрі рухани құндылықтың парқын білгенге қымбат дүние. Бірақ, сіз үшін қолжетімді баға. Не  бары 1500 теңге 20 тиынға «Орда жұлдызына» жазылып, ен байлықтан кем қалмаңыз!

Басылымды «Қазпошта» акционерлік қоғамының аудандық бөлімшесі арқылы алдырта аласыз.

Қадірменді жерлестер! Байланысымыз үзілмей екінші жартыжылдықта да жарқын жүзбен жүздесейік.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар