13.05.2021, 12:25
Қараулар: 110
ПЛАНЕР ҰШЫРЫП, КӨЛІК ЖАРЫСТЫРДЫ

ПЛАНЕР ҰШЫРЫП, КӨЛІК ЖАРЫСТЫРДЫ

Балалар техникалық шығармашылығы орталығы оқушылар арасында аудандық «Әуе үлгілері»  және «Авто үлгілері» атты спорттық жарысын өткізді. Аудан мектептерінен 18 оқушы әуе үлгілерін жасаса, 12 оқушы авто үлгілерін ұсынды.

«Әуе үлгілері» сайысы Ғ-1-N серпуіш планер және Ғ-1-D резиномотор планер деген екі бағытта өткізіліп, әр қатысушы планерлерін ұшырып, уақыт бойынша сынға түсті.

 

Ал «Авто үлгілері»  сайысында үміткерлер 1:10 масшабтағы көлік моделдерін мәнерлеп жүргізу РЦБ класы және 1:10 масшабтағы багги 4(wd) — 10Э класы бойынша сынға  түсті.

«Әуе үлгілері» Ғ-1-N серпуіш планер бағыты бойынша М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Саят Нұрлыбаев (жетекшісі  Э.Темірбекұлы)   І орын алды.

«Әуе үлгілері»  Ғ-1-D резиномотор планер сайысында  балалар техникалық шығармашылығы орталығының  шәкірті Еркебұлан Нұрсайын (жет.А.Жасқайрат) І орын иеленді.

 Көлік модельдерін мәнерлеп жүргізуден сынға түскен екінші сайыста  орталық маманы Алихан Жасқайраттың қос шәкірті І орын алды.  Ильяс Қалымжан «Авто үлгісі»  1:10 масшабтағы көлік моделдерін мәнерлеп жүргізу РЦБ класы бойынша,  Оралхан Темірханов «Авто үлгісі» 1:10 масшабтағы багги 4(wd) 10Э жарысының жеңімпазы танылды.

Нұрмықан МҰСТАФИН,

балалар техникалық шығармашылығы орталығы

 директорының орынбасары

Бөкей ордасы ауданы