11.07.2017, 10:40
Қараулар: 1376
Ән әуелеген кеш

Ән әуелеген кеш

в-288-1

Астана күні қарсаңында Орал қаласында тұратын ордалық күміс көмей әнші, бұрынғы аудандық ұлт-аспаптар оркестрінің солисі Светлана Көбейсінованың «Сағындым туған жерімді» атты ән кеші өтті.

Алдымен, жүргізуші кеш иесінің өмір жолымен таныстырып, оны құрметпен сахна төріне шақырды. Онда халық әндерімен қатар Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев сынды елге танымал тұлғалардың әндері де әуелете шырқалды. Туған жеріне деген ыстық сағынышын әсем сазбен жеткізіп, алабұртқан көңілін халқының ықыласымен тыныштандырған Светлана Құспанқызы жиналғандардың қошеметіне бөленгені анық. Алпысты алқымдаса да көңілінің әлі жас екенін танытып, үнді әнін де нақышына келтіре орындады. Жұбайы Бейбіт Нарболовпен қосыла шырқаған «Асыл жарым» әнімен кеш шымылдығы жабылды.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов С.Көбейсінованың иығына қазақы оюлармен нақышталған камзол жауып, ауыл тұрғындары атынан ризашылығын жеткізді. Алғыс хат та табысталды.

Әділет ӘБДІРОВ.