17.10.2017, 11:37
Қараулар: 1376
Алаңда сексен аяқдопшы

Алаңда сексен аяқдопшы

 

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен орталық футбол алаңында Батыр жерлесіміз Мәншүк Мәметованың туған күніне арналып жас жеткіншектер арасында шағын футболдан турнир оздырылды.

 

Оған М.Мәметова атындағы орта мектеп оқушыларынан, спорт мектебінің тәрбиеленушілерінен және колледж студенттерінен жасақталған командаларда 80 аяқдопшы өнер көрсетті. Жас ерекшеліктеріне байланысты кішілер (7-12 жас) тобында 8,  ересектерде (13-16 жас) 4 команда бақтарын сынады. Турнир қорытындысында жеңімпаз бен жүлдегерлерден өзге үздік футболшылар анықталды. Тарқатып айтсақ, кіші топта «М.Мәметова 1» командасы ІІІ, «Реал» ІІ, БЖСМ-ның қазақ күресі секциясына қатысушыларынан жасақталған «Барыс» командасы І орынды еншіледі. Ересектер арасында ІІІ, ІІ орындар тиісінше «Достар», колледж студенттері командасына бұйырса, жеңіс тұғырына БЖСМ-ның «Самбо» командасы көтерілді. Айбек Бауеденұлы мен Ерасыл Есмақ «Үздік ойыншы», Жалғас Оңаталиев пен Ермұхан Ерсайынов «Үздік қақпашы», Ернұр Ержан мен Біржан Серік «Үздік шабуылшы», Арсен Серіков пен Ғасыр Нәсекенов «Үздік қорғаушы» атанды. Жарыс соңында турнир жеңімпазы мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен, Мақтау қағазымен марапатталды.г-782-1

Ақжүніс НҰРЛАНОВА,

 БЖСМ директорының

оқу-ісі жөніндегі орынбасары.

Ауыл спорты

Басқа да мақалалар