16.04.2021, 12:04
Қараулар: 180
ҒАРЫШ ӘЛЕМІМЕН ТАНЫСТЫ

ҒАРЫШ ӘЛЕМІМЕН ТАНЫСТЫ

Ғарышкерлер күніне орай «Шабыт» коворкинг орталығында кітапханашылар мектептен тыс тәрбие орталығы ұстаздарымен бірігіп, «Ғарыш қырандары» тақырыбында танымдық ойын ұйымдастырды. Оқушылар зымырандарға жазылған сұрақтарға жауап беріп, қазақ ғарышкерлері Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров пен  Айдын Айымбетов  және ғарыш әлемі туралы мәліметтер алды.

Инабат Бисекенова пен Әмина Самат «Мен ғарышкер боламын» өлеңдерін, Сымбат Мұқанова «Ғарышкер» өлеңін жатқа айтты. Балалар «Әли мен Ая» мультхикаясын қарап, ғарышкерлердің әлемімен танысып, скафандр кию себебін  де білді. Кішкентай оқырмандарымыз қазақтың ғарышкерлері туралы да кең мағлұмат алып, түрлі ойындар ойнап, көңілді тарасты.

Раушан АППАҚОВА