7.12.2018, 11:58
Қараулар: 1340
ИНСУЛЬТҚА ЕНЖАР ҚАРАМАҢЫЗ

ИНСУЛЬТҚА ЕНЖАР ҚАРАМАҢЫЗ

 

 

Бүгінгі таңда ми қан айналымының жіті бұзылысы өткір проблемалардың бірі саналады. Мидағы қан айналымының жедел бұзылуы инсульт 2 түрге бөлінеді: ишемиялық инсульт – қанның ағысымен түскен атеросклеротикалық түйіндік немесе ұйыған қанның ми тамырларын бітеуі кезінде дамиды. Екіншісі геморрагиялық инсульт – қан тамырдың жарылуы кезінде пайда болатын ми ішіне қанның құйылуы. Жыл сайын елімізде 40000 адам инсульт алады, 5000 адам алғашқы 10 күн ішінде қаза табады. Аудан бойынша жүргізілген сараптамаларға жүгінсек, 2017 жылы 14 адам, 2018 жылдың 8 айында 15 адам инсульт алды, өткен жылы 3 адам, биыл 5 адам көз жұмған. Инсульт алған адамдардың жас ерекшеліктеріне қарағанда  жұмыс жасындағылар 2017 жылы – 7, 2018 жылы –10 адам. Жедел ми қан айналымының бұзылуына шалдыққан науқастар көпшілік жағдайда мүгедек болып қалып, бөгде адамның көмегін қажет етеді. 2017 жылы 8 айда – 4, 2018 жылы 8 айда – 8 адам бірінші рет мүгедектікке шығып отыр, бұл жағдай аудан тұрғындары арасында мүгедектің көбейіп келетінін көрсетеді.

Енді осы бас — ми қан айналымының жедел бұзылуының негізгі себептерін таратып айтсақ,  олар – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуі, торығу (стресс), дұрыс тамақтанбау, артық салмақ, қант диабеті, жүрек аурулары, артериялық қан қысымының көтерілуі, тұқым қуалаушылық. Беттің қисаюы, қолдың кенеттен әлсізденуі, түсініксіз сөйлеу инсульттің алғашқы белгілері боп табылады.

Сөзімді қорыта келе айтарым – дәрігерлер ауру адамды емдейді, ал аурудың алдын алу – әрбір адамның өз тірлігі. Жоғарыда айтылған ауру түрлерімен тіркелген науқастар, аурудың түрлері бойынша уақтылы дәрігерге қаралып, тиісті тегін берілетін рецептімен дәрілік препараттарды алып, уақтылы қолдану қажет.

Алтынай ТАУМАНОВА,

аудандық аурухананың дәрігер-неврологы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар