Аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясаты, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы онлайн форматта өтті.
Күн тәртібінде үш бірдей мәселе қаралды.
Ауданның бас дәрігері Анарбек Белисанов амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу барысы туралы баяндады. Қанша қаржы, қандай мақсатқа бөлінгенін айтты. Сондай-ақ, бас дәрігер МӘМС-ке тіркелу қарқынын да тілге тиек етті.
– Елімізде тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде МӘМС 2020 жылдың шілде айынан енгізілді, 2016 жылдан бастап тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Осы мәселеге халықтың назарын қайта бір аударып, бір ширатып алу қажет етіледі. Бүгінгі таңда аудан бойынша тұрғындар арасында МӘМС-ке тіркелінбеген 2 264 адам анықталынып отыр. ММӘС-ке тіркелмеуден ұтыларымыз көп. Ең қарапайымы күні ертең жалпыға ортақ боп келген скрингтен өту мүмкіндігінен айырылып қалуыңыз мүмкін, – дейді Анарбек Белисанов.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Шыңғыс Абдоллин тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды.
-Аудан халқының 8 628-і экономикалық тұрғыдан белсенді, жұмыссыздар саны – 782, 545 азаматты тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып, осы уақыт аралығында 79 ауылдас тұрақты жұмыс орнын тапты. Сонымен қатар 336 адамды ақылы қоғамдық жұмыспен қамту жоспарланса, 257-сі ақылы жұмысқа жолданды. Биыл 15 адамды кәсіби оқуға жолдау жоспарланған. Оқу осы мамырдан бастап қолға алынбақшы.
Жиырма азаматқа 87 миллион теңге несие беру жоспарланып, күні бүгінде соның үшеуі несие алып, шағын кәсіптерін бастаған. «Бастау Бизнес» бағдарламасы негізінде 70 адамды оқыту, 85 азаматқа 47 миллион теңге мемлекеттік грант беру көзделуде. Екі азаматымыз мемлекеттік грант алып, тал-терегін егіп үлгерді,-деді сала басшысы.
Аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Әсет Таңатов балалардың жазғы демалыс кезіндегі сауықтыру демалысы мен бос уақытының өткізілуін, жұмыспен қамтылуын ұйымдастырылуы тікелей еліміздегі эпидахуалға және бас санитардың қаулысына сәйкес жүзеге асатынын айтты.
Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ
БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ