26.07.2016, 15:05
Қараулар: 1277
Жариялылық – заман талабы мүмкіндігіңді мүліт жіберіп алма

Жариялылық – заман талабы мүмкіндігіңді мүліт жіберіп алма

А - 33Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»  атты Жолдауында: «Бүгінде мүлікті жария ету мерзімдері 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандырулар қабылданды. Құпиялылық пен сот қудалауынан қорғауға кепілдік беріледі. Үкіметке жария ету жағдайларына тағы бір рет талдау жасауды және қажет болған жағдайда, оған қатысушыларға кепілдікті күшейтуді тапсырамын. Мен мүлікті жария етуге қатысу жөнінде әлі де ойланып жүргендердің барлығын осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырамын», — дегенді.   

 

Ұлттық пошта операторы ақшасын жария етпек болған субъектінің өтініші негізінде жеке ағымдағы банктік шот ашады. Осылайша, акция басталғалы бері екiншi деңгейлі банктерде 1 072 550 034 мың теңге ақшаға 1858 банктік шот ашылды. Оның 852 909 мың теңгесі, яғни 21 банктік шот Батыс Қазақстан облысы үлесінде. 2015 жылғы желтоқсан айына, 2016 жылғы қаңтар және ақпан айының бірінші күндерінде банктердегі шоттарға қосымша шамамен 90 млрд. теңге түсті. Бұл жария ету рәсімдерінің жеңілдетілуімен, әсіресе, ақшаны бес жыл ішінде сақталуының және 10% алымның жойылуына байланысты болса керек.

Мүлікті жария ету туралы Заңның шеңберінде ақшаны жария ету тәртібі анықталған. Ол мына тәртіпте жүзеге асырылады: Біріншісі,  ұлттық және (немесе) шетел валютасында екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ашылған ағымдағы шотқа салу (аудару) және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы. Яғни, ақша ұлттық валютада, сондай-ақ Ұлттық Банк оған қатысты теңгенің ресми бағамын белгілейтін шетел валютасында жария етілуі мүмкін. Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы №242 қаулысымен ҚР Ұлттық Банкімен шетел валюталарына қатысты теңгенің ресми бағамы орнатылды (австралия доллары, әзірбайжан манаты, армян драмы, беларусь рублі, бразилия реалы, венгрия форинті, Корея Республикасының вонасы, гонконг доллары, грузин лариі, дат кронасы, БАӘ дирхамы, АҚШ доллары, еуро, үнді рупийі, иран риалы, канада доллары, қытай юані, қырғыз сомы, кувейт динары, литва литі, малайзия ринггиті, мексика песосы, молдова леясы, норвегия кронасы, польша злотыйы, ресей рублі, Сауд Арабиясының риялы, СДР, сингапур доллары, тәжік сомониі, тайланд баты, түрік лирасы, өзбек сумы, украина гривнасы, Біріккен Корольдіктің фунт стерлингі, чех кронасы, швед кронасы, швейцария франкі, оңтүстік африка рэнді, жапон йенасы). Ақшаны жария ету үшін ағымдағы шотта ашылатын және қызмет етілетін валюта банктің келісімімен анықталады және банктік шот шартында бекітіледі.

Екіншісі, екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ағымдағы шотқа ақшаны салмай (аудармай) — жария етілетін ақшаның сомасынан алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы. Яғни, шет елде орналастырылған, сондай-ақ қолда бар ақшаны елге қайтару және қазақстандық банктерге орналастыру қажеттілігінсіз декларация беру арқылы және 10 пайыздық алымды төлеу талабымен жария ету мүмкіндігі берілген.

Жинақ шоттарында ақшаны сақтау, сондай-ақ жинақ шоттарынан жария етілетін ақшаны мерзімінен бұрын алу үшін алым төлеу талаптары алып тасталды.  Осылайша,  жинақ шоттарында тұрған жария етілетін ақшаны мерзімінен бұрын алу үшін алым төленбеген ақшаны жария ету субъектілері банктік салым шарттарының талаптарын ескере отырып, өздерінің қалауына қарай пайдаланады.

Қылмыстар және құқық бұзушылықтар жасау нәтижесіндегі  ақша (кіріс) рақымшылық жасауға, сот тәртібімен құқығы дауланып жатқан немесе кредиттер түрінде алынған ақшалар жария етуге жатпайды. Мүлікті жария етуге ұсынылатын құжаттардағы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, салықтық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып танылады. Бұдан басқа, мүлікті жария ету фактісі, сондай-ақ мүлікті жария етуге  ұсынылатын құжаттардағы  мәліметтерді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу, мүлікті жария етуші тұлғаға және (немесе) басқа да адамға, жұбайына (зайыбына) қатысты тәртіптік іс жүргізу үшін, негіз ретінде пайдалануға болмайды.

Жүргізіліп отырған акция өзінің барлық мүлігін заңдастыру және құқықсыз алаңнан шығудың соңғы мүмкіндігі. Жаппай декларациялау енгізілгеннен кейін ешкім «көлеңкеде» қала алмайды, сондықтан мемлекет ұсынатын мүмкіндікті пайдаланып қалу керек.

 

Ғ.САТЫБАЛДИНА,

 «ҚР Ұлттық Банкі» РММ БҚФ

 директоры.