12.05.2021, 16:00
Қараулар: 229
Самат Оңаев, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның Бөкей орда торабының басшысы:

Самат Оңаев, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның Бөкей орда торабының басшысы:

–Өзім індетке шалдыққан жанмын. Дегенмен, вакцина алуға болады деген кезде бірінші қатарда болдым. Қазіргі кезде вакцинацияның бірінші кезеңінен өттім. Жуырда екпенің екінші дозасын алмақпын.

Бірінші екпеден теріс әсер алмадым. Қызуымда көтерілмеді.

Ендігі кезекте қарауымдағы қызметкерлерге де насихаттаудамын. Қазіргі таңда, аудан бойынша біздің мекемеде 47 азамат жұмыстанса, соның жетеуі вакцинаның бірінші дозасын алды. Тіпті ортамызда екінші дозасын алған жұмыстасымыз да бар. Оған қоса, тағы 17 қызметкеріміз өз кезегін күтуде.