13.06.2021, 17:49
Қараулар: 142
ЖАСТАРДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

ЖАСТАРДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының саяси кеңесі бюросының кезекті отырысының күн тәртібіне бір-ақ мәселе қойылды.

Ол — партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде дайындалған «Жастар -Отанға!» бағдарламасының жол картасы.

Бес жылға белгіленген бағдарламаның іс-шараларына кеңінен тоқталған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Исатай Құрмашев 2025 жылға қарай өкілетті органдарда 35 жасқа дейінгі жастардың үлесін 20% дейін қамтамасыз ету көзделгенін айтты.

-Ауданымызда 14 пен 29 жас аралығында 3292 жас бар. Соның 1501-і жұмыс істесе, 730-ы өзін-өзі жұмыспен қамтуда. 108-і жұмыссыздар санатында. Осы жұмыссыздарды және өз бағытын айқындай алмай жүрген тағы да 95 жастың қатарын азайту басты мақсаттарымыздың бірі де бірегейі,-деді Исатай Құрмашев.

Саяси кеңес мүшелерімен жол картасы бірауыздан бекітіліп, тиісті қаулы қабылданды.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ