27.05.2021, 12:17
Қараулар: 233
АҚ ЖОЛ, САҒАН ЖАС ТҮЛЕК!

АҚ ЖОЛ, САҒАН ЖАС ТҮЛЕК!

Бейбіт заманда оқушы мектепті көрмей, оқу жылын аяқтаған жыл болды. Пандемия басталғалы оқу үдерісінде де,  мектепішілік шараларда да өзгеріс орын алуда. Биыл тек 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау  салтанаты дәстүрлі форматта өтті. Өзге сыныптар үшін бұл салтанат онлайн және өз сыныптарында сынып сағаты түрінде ұйымдастырылды. Өткен жылғы  мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау әр шәкірттің үй маңында сыңғырлаған еді. Осыны ескерсек, биылғы өзгеріске де тәубе айтарымыз анық.

–Биыл ауданымыз бойынша орта мектепті 167 оқушы аяқтауда.  Олардың 12-сі «Алтын белгіге», 3-еуі «Үздік аттестатқа» үміткер. Айта кетелік, мектеп түлектерінің 142-сі ұлттық бірыңғай тестіні тапсыруды бастап кетті, – дейді аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Әсет Таңатов.

Жас түлектерге айтарымыз – мақсатқа жетер жолда жігеріңіз мұқалмасын, армандарың орындалсын! Әулеттің емес, тұтас елдің абыройын асқақтатар азамат болғайсыздар!