4.12.2018, 15:52
Қараулар: 1338
 » 
Сыбайластықпен күрес саябырсымайды

Сыбайластықпен күрес саябырсымайды

Әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту жұмыстарын баяулататын, елдің даму болашағына кері әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес алда да жалғаса беретінін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында да атап көрсетті.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шара жоспарына сай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын сақтау және білуді насихаттау жұмыстарын жүргізу біздің негізгі мақсатымыз. Бұл бағытта аудандық қазынашылық басқармасында да біркелкі жұмыстар атқарылуда. Ұжымымыз 2013 жылдан бастап мемлекеттік мекемелермен «Қазынашылық-Клиент» электронды құжат айналымы бойынша жұмыс істеуге кірісті. Сөйтіп, барлық деңгейдегі жұмыстардың ашықтығы қамтамасыз етіліп, клиент пен орындаушының тікелей қарым-қатынасын азайтты. Қағазбастылық жойылып, қаржылық құжаттардың орындалу сапасы артты және уақыт үнемделуде.

ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті шығарған сыбайлас жемқорлықты ескерту және шектеулер тізбесі мен тыйым салу, мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен байланыс құралдары арқылы сөйлесу барысында кішіпейілділік пен жайлап сөйлесу жөніндегі жадынамалар мемлекеттік қызметшілерге таныстырылып, бір данадан қолдарына берілді.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында аудандық қазынашылық басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен жиналыстар өткізіліп, қызметкерлердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта өздерін қалай ұстау керектігі, функциялық міндеттерін уақтылы, адал орындау қажеттігі жөнінде үнемі айтылып, түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді. Соның арқасында бізде сыбайлас жемқорлыққа және басқа да құқықбұзушылықтарға жол беру  фактілері  болған жоқ.

Жалпы сыбайластыққа жол бермеу еліміздің әр азаматының міндеті. Басқарма қызметкерлері өз істерін адал атқара береді деп есептеймін.

Ақмарал ЖАНҒАЛИЕВА,

аудандық қазынашылық басқарма

басшысының орынбасары