16.12.2018, 18:10
Қараулар: 1467
ЖЫЛ ҮЗДІГІ — 2018

ЖЫЛ ҮЗДІГІ — 2018

Аудандық демалыс орталығында ауыл тұрғындарының қатысуымен салтанатты жиын өтті. Онда аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ауданымыздың көркейуіне еңбегін төгіп жүрген бірқатар азаматтарға және жеке кәсіпкерлер мен сала мамандарына облыс әкімінің алғыс хатын табыстап, «Жыл үздігі» деп танылғандарды марапаттады. Кеш соңы аудан өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласып, жиналғандарға тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтар жайынан ой саларлық көрініс те қойылды. Аудандық оркестір қоңыр сазды қазақтың күйлерін төгілтсе, кішкентай бишілер қимылы көрген жанды сүйсінтті. Қос домбыраның құлағында еркін ойнаған Ерлан Сертеков талайдың таңдайын қақтырса, Милат Насыров пен Самал Рахымжанова қосылып шырқағанда әсем әннің сазы жанға жылылық шапағын тарту етті.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар