7.04.2021, 15:14
Қараулар: 108
ДАУДЫ СОТҚА ЖЕТКІЗБЕУ – МЕКЕМЕЛЕРГЕ МІНДЕТ

ДАУДЫ СОТҚА ЖЕТКІЗБЕУ – МЕКЕМЕЛЕРГЕ МІНДЕТ

Аудандық сот ғимаратында түрлі мекеме басшы, мамандарының қатысуымен жиын өтті.

Аудан судьясы Гүлжихан Сағитованың  төрағалығымен өткен бұл жиынға тараптар арасында  туындаған мәселелерді сотқа дейін реттеу мәселесі  тақырып болды.

Төрағаның айтуынша, 2021 жылдың І тоқсанында сотқа азаматтық іс бойынша 27  талап-арыз түскен. Оның 25-і аяқталған. Аудандық жұмыспен қамту орталығы, «Эксперт Плюс» ЖШС, «Жаңғырту 2013» ЖШС сияқты заңды мекемелерден 15 талап-арыз түскен. Оның 8-і қаралып, нүктесі қойылған.

Сот төрағасы Гүлжихан Сағитова:

– Қазіргі сот тәжірибесінде істі сотқа жеткізбеу, сотқа дейін тараптарды мәміле шақыруға басымдық берілетіні белгілі. Мекемелер азаматтармен жасасқан келісімшартта  тараптар арасындағы дауды сотқа дейін келіссөздермен шешу туралы көрсеткен. Дегенмен осыған мән берместен істі сотқа жолдап жатамыз. Ерлі-зайыптылар ажырасамыз деп арыз жазады. Егер ерлі-зайыптылардың ортақ балалары болмаса, балалары болса да кәмелет жасына жеткен болса, мүлікті бөлісуге талаптары жоқ болса, мұндай талап-арызды да сотқа жеткізбей   АХАЖ органдары екі жақтың арызы негізінде тараптарды ажырата алады. Сот іс қараудан, жүктеме алудан қашпайды. Азаматтарды сотқа сүйреп, психологиялық тұрғыдан жапа шектірмей-ақ мәмілеге келтіру жолымен іс екі жаққа да  оңтайлы ғып шешуге болатынын ұмытпайық, – деді.

Ұлпан ЖАКИНА