16.04.2021, 11:43
Қараулар: 320
ҚОҚЫСТАН АРЫЛАМЫН ДЕП, ӨРТКЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

ҚОҚЫСТАН АРЫЛАМЫН ДЕП, ӨРТКЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

Көктем шыға әр тұрғын ауласын ретке келтіріп, қатты қоқыс, шөп қалдықтарынан арылуға асығады. Жиналған қоқысты өртейміз. Бірақ бұл дұрыс па? Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаймыз ба? Қоқыстарды жағуға арналған орын жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс, мысалы, темір бөшке немесе тереңдігі 30 сантиметрден кем емес және диаметрі 1 метрден артық емес шұңқыр және жақын тұрған құрылыстардан 50 метрден кем емес қашықтықта қазылуы тиіс. Ашық отты пайдаланатын жердің айналасындағы аумақты 10 метр радиуста алдын ала құрғақ шөптен және басқа да жанғыш материалдардан тазарту қажет. Өз учаскесіндегі қоқыстарды жағатын тұрғындар өрт сөндіру орнын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, мысалы, өрт сөндіргішпен немесе суы бар шелегімен, сондай-ақ өрт сөндіру қызметі бөлімшесін шақыруға арналған байланыс құралымен қамтамасыз етуі тиіс. Қоқыстарды жағу орнын қараусыз қалдыруға қатаң тыйым салынады. Қоқыс өртенгеннен кейін ошақтың орнын жермен жауып, жануды толық тоқтатқанға дейін су құйған жөн. Орман өрттері адамдардың сүйікті демалыс орындарында жиі орын алады. Табиғи өрттердің туындауына, олардың таралуына және елді мекендерге жақындауына жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін естент шығармау және сақтау қажет.

Өрт қауіпті кезең кезінде қатаң тыйым салынады:

– ағаш құрылыстарға жақын учаске аумағында қоқыстар мен құрғақ шөптерді жағу;

– балалардың отпен ойнауына жол беру;

– қалың бұталарда, қылқан жапырақты жас шыбықтарда, ағаштардың түбінде, ағаш қоймаларының жанында от жағу;

– орман алқаптарында құрғақ шөптерді жағу;

– қамыс жағу;

  • сөндірілмеген отты қалдыру.

­Қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз аулада тазалап қана қоймай,  өзіңізді және өз мүліктеріңізді өрттен қорғай аласыз. Бөкей ордасы ауданы ТЖБ-нің қызметкерлері отты қолдануда сақ болуды ескертеді. Егер сіз өрт куәгері болсаңыз, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі