3.03.2021, 18:50
Қараулар: 330
«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТЕЖЕМЕК

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТЕЖЕМЕК

 

Аудандық кітапхана жанынан «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы ашылды.

–  Жалпы еліміз бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында бірнеше іс атқарылып жатыр. Бүгінде «Парасат жолы» орталығының міндеті – ауыл азаматтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарын насихаттап және сол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарапайым халықтың сауатын ашу. Қазіргі таңда аталмыш орталықтың әлеуметтік желіде арнайы парақшасы ашылып, атқарылған жұмыстары туралы есеп берілетін болады, –деді аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев.

  • Азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында әр өңірлерде кітапхана жанынан осындай орталықтар ашылуда. Ал біздің ауданда бір орталық, алты бұрыш ашылып отыр. «Парасат жолы» орталығының мүшелері қоғам қайраткерлерінен, дін өкілдерінен, ауыл ақсақалдары мен белсенді жастар болмақ. Сайқындағы «Парасат жолы» орталығының өкілдерінің саны 30 адамды құраса, ауылдардағы орталық өкілдерінің саны 10 адамнан болады, – деді орталық төрайымы Айсұлу Темірешова.

Сонымен қатар, шара барысында орталық өкілдерінің тізімі жарияланып,  «Парасат жолы – адалдықтан басталды» атты кітап көрмесі өтті.

Темхар РАХМЕТОЛЛА