28.11.2017, 12:17
Қараулар: 1334
Мәнді де маңызды шара

Мәнді де маңызды шара

в-369

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық орталық кітапхананың оқу залында мамандандырылған күзет қызмет басқармасы Бөкей ордасы бөлімшесі қызметкерлері және М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушыларының қатысымен Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Бар әлемге шын танылдық, міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз,-деген шумақтармен ашылған шарада алдымен Елбасы туралы шағын бейнебаян көрсетілді. Күзет мекемесінің бөлімше командирі, полиция старшинасы Азамат Бозов баяндама оқыса, аға сержант Талғат Есенов Н.Назарбаевтың «Ақыл-парасат кітабы» жинағындағы дәйек сөздері туралы түсінік берді. Аға сержанттар Руслан Әжіғалиев, Абзал Азаматов, Мейрамбек Қарабасов, Жалғас Төлеғалиевтар да өз пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ, оқушыларға өнеге болсын деген ниетте Елбасының күнделігі мен балалық шағы  туралы әңгімеленіп, «Елі және Елбасы» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Гүлмира ҒАЙСИНА,

орталық кітапхананың кітапханашысы.

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар