15.12.2018, 19:53
Қараулар: 1383
Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

 

Сіздерді барша арманымыздың асқары, ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн туған жерін, Отанын сүйген әрбір азамат үшін ұлы мереке.

Тәуелсіздік күні – бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мейрам. Тәуелсіздіктің арқасында біз қарқынды дамып, халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келе жатқан елдер қатарындамыз және оны мақтан тұтып, ауыз толтырып, нық сеніммен айта аламыз. Рухы биік, намысы үстем бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ, тұтас халқымыздың татулығын сақтау болса, біздің асыл мұратымыз –осы Тәуелсіздіктің тұғырын баянды етіп сақтау.

Сондықтан ендiгi мiндет – қол жеткен табыстарға тоқталмай, Отанымыздың мерейiн одан әрi өсiре беру.  Тәуелсiздiк бiзге бұрын-соңды көрмеген орасан зор мүмкiндiктер бердi. Бiз оны толықтай жүзеге асыруымыз қажет, асырамыз да. Тәуелсiздiк бiздiң алдымыздан жарқын болашаққа жол ашып бердi. Бiз сол жолдан ешқайда бұлтармай, алға баса беремiз.

Қадірлі бөкейліктер!

Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңыз шаттық, берекелі бірлік пен баянды тірлік тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні жасасын!

Құрметпен, Бөкей ордасы ауданы әкімі Н.Рахымжанов

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар