12.05.2021, 16:19
Қараулар: 181
МОТОЦИКЛ ЖҮРГІЗУГЕ ДЕ КУӘЛІК ҚАЖЕТ

МОТОЦИКЛ ЖҮРГІЗУГЕ ДЕ КУӘЛІК ҚАЖЕТ

Сәуір айының 18-25 аралығында облыс көлемінде мотокөлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтау және  құқық бұзушылықтардың  алдын алуға бағытталған «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталмыш шара барысында мотоцикл тізгіндеген жүргізушілердің көбінде жүргізуші куәлігі, техпаспорты, т.б. тиісті құжаттары жоқ екендігі анықталды.

ҚР «Жол жүру ережелері» заңына сәйкес, мотоцикл, скутер, трицикл, квадроцикл жән мопедпен 50 км/сағат жылдамдықпен 125 куб.см-ден асырмай ең жоғарғы қуатымен 11 киловаттан аспай айдайтын жүргізушілерге «А1» және «А» жүргізуші куәлігін алуы міндеттеледі.  Соның ішінде «А1» деңгейін 16  жасқа толғандар, ал «А» деңгейін 18 жасқа толғандар ала алады. Сондай-ақ, мотокөлігі бар жүргізушілер көлікті әкімшілік полицияға есепке қойып, мемлекеттік нөмір белгілерін алуы тиіс.

–Өкінішке қарай, аудан бойынша мотоцикл иелерінің көбінде жүргізуші куәлігі деген атымен жоқ және  басым бөлігінің көліктері техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейді.  Заң бойынша қозғалтқыш көлемі 50 текше см-ден кем емес мотокөлікті айдау үшін жүргізуші куәлігін алу керектігін ескермейтіндер әлі де бар.  Рейд барысында Бисен ауылдық округіндегі «С» есімді азаматтың көлік жүргізу құқы жоқ бола тұра масаң күйде мотоцикл басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-ның 605 бабының 6 бөлігімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, ауылдастарымыз бастарына қауіпсіздік шлемін кимек түгілі, жылдамдықты асыра айдайтындарын байқаймыз, – дейді аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Тимур Артығалиев.