16.04.2021, 10:20
Қараулар: 128
КОВИД КҮШЕЙІП ТҰР

КОВИД КҮШЕЙІП ТҰР

–Сәуірдің алғашқы аптасында тек үш науқаста коронавирус індеті анықталса, соңғы аптада дертке шалдыққандар көбейіп отыр. Жақында бір өлім де тіркелді. Санға шаққанда сәуірдің 9-12 аралығында осы ауру жеті бөкейлікте анықталды. Оның үшеуі аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне оқшауланды. Білім беру бөлімінде қызмет ететін бір адамда ауру расталып, онымен тығыз қатынастағы екі қызметкер карантинге жіберілді. Мекеме карантинге жабылған жоқ, тек тікелей байланыста болғандар ғана оқшауланды.  Сонымен қатар Жәңгір хан атындағы орта мектептің оқушысында аурудың симптомсыз түрі айқындалып, ол да карантинге алынды. Оның сыныптастары да медициналық бақылауда. Алайда тексеріс нәтижесі теріс болған соң, сынып оқу тәртібін штаттық режимде жалғастыруда, – дейді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Светлана Рамазанова.

Ауданымызда жеті ауылдық округ болса, жыл басынан бері тек Мұратсай ауылдық округінде ғана бұл дертке шалдыққандар тіркелмеген. Жыл басынан ауданда инфекцияны жұқтырған 63 факті анықталған. Соларды ауылдарға сараласақ, науқастардың шоғырланған жері ол аудан орталығы. Сайқында 33 ауру анықталды. Хан ордасында 17 науқас бар. Ұялы мен Бисенде індетке шалдыққан бір-бір тұрғын болса, Т.Масин ауылдық округінде екі адам. Шалғайда жатқан Саралжын ауылдық округінде 9 адам осы дертпен тіркелген. Олармен қарым-қатыныста болған 157 адам да медициналық бақылауда болып, екі мәрте  ПТР тестісін тапсырған.

Раушан БАҚЫТОВА