8.11.2018, 12:38
Қараулар: 1446
Палуан Петропавлда белдеспек

Палуан Петропавлда белдеспек

Жақында Орал қаласында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында облыстық чемпионат өтіп, оған он екі ауданның командалары қатысты. Ауданымыздың намысын қорғаған аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері, палуанымыз Нұрбек Ғазезов 66 келі салмақта І орынды иемденіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Айта кетелік, республикалық турнир қарашаның 9-12-сі күндері аралығында Петропавл қаласында өтеді.

– Әрбір жеңісімді туған жерімнің мерейін асқақтатуға қосқан үлесім деп білемін. Бұл жолғы жүлде де оңайлықпен келмеді. Сөз орайында айта кетейін, өткен айда самбо және қазақ күресінен КСРО спорт шебері, республикалық жазғы спартакиада жеңімпазы Ибат Ерешевті еске алу турниріне шәкірттеріммен қатар әкем Әбілқасым Халиуллин қатысқан болатын. Ол 60 келі салмақта ІІІ орынды иеленді. Әрине, әкемді мақтан тұтамын. Қазіргі таңда алда болатын турнирге дайындалудамын, – деді Нұрбек Әбілқасымұлы.

Айша ТІЛЕКҚЫЗЫ

Суретте: әкелі-балалы палуандар.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар