19.12.2018, 17:52
Қараулар: 1392
Бәсекеде бағы жанды

Бәсекеде бағы жанды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ауданымызда волейболдан аудандық мекемелер мен ауылдық округ командалары арасында аудандық жарыс өтті. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, мықтыларға жеңіс тіледі.

Бұл бәсекеде Мұратсай ауылы командасының бағы жанды. М.Мәметова атындағы орта мектеп командасы екі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы үшінші орынға ие болды. бөкей ордасы колледжі командасына «жеңіске деген ынтасы» үшін номинациясына ие болды. Өзгелерден оза шауып көзге түскен Әли Мұрадым «Үздік ойыншы», Әли Победов «Үздік шабуылшы», Мереке Бисембаев «Үздік қорғаушы», Нұрлыбек Жахатов «Үздік байланыстырушы» атанса бұл ойында «Турнир ақсақалы»  Тілеген Арыстанбеков болды.

Дойбы ойынынан жекелей біріншілікте Ниетқали Ишанов 1 орыннан көрінсе тиісінше 2,3 орындар Мұхтар Жоламанов пен Мәулен Асқаровтың қанжығасына байланды. «Үздік жас ойыншы» Мансұр Рахимов, сонымен қоса белсене қатысқандар Ләззат Халенова мен Асемгүл Бекеновалар танылды.

Шахмат жарысында Кәрім Сүндетов өзгелерді қапы қалдырып бірінші орынға ие болса, Дәурен Сертеков екінші, Жұбан Ғұмаров үшінші орынды місе тұтты. Ардагер спортшы болып Қуаныш Елемесов пен Төлеміс Ғилмановтар танылды.

Барша жеңімпаз командалар мен жекелей ойыншылар бағалы сыйлықтар мен диплодар және ауыспалы кубок табыс етілді.

Мейрамбек Ғильманов,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімінің бас маманы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар