3.03.2021, 18:47
Қараулар: 289
МАСЫЛДЫҚТЫ ҮДЕТПЕУ КЕРЕК

МАСЫЛДЫҚТЫ ҮДЕТПЕУ КЕРЕК

 

Мәслихаттың әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссия отырысы депутат Мәншүк Мұхамжарованың төрағалығымен өтті.

Онда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Шыңғыс Абдуллин өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, биылғы жоспармен таныстырды. Жыл басынан 70 отбасыға атаулы көмек берілсе, аталмыш көмекке өтініш білдіргендер саны  одан екі есеге артқан.  Өзін-өзі жұмыспен қамту үшін 2020 жылы берілген несие көлемі 400 миллионға таяп қалған. Биыл бұл жоспар 87787,6 мың теңгені құрап отыр. Ал қайтарымсыз грант  тағы да 82 адамға  берілмек.

Бибігүл Жұмағұлова масылдыққа жол бермеу үшін жұмыстан бас тартқандарды саралау қажеттігін айтты.

Айзада КАМАЛОВА,

тәлімгер