12.05.2021, 15:17
Қараулар: 120
200 СЕКСЕУІЛ, 30 ЖИДЕ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

200 СЕКСЕУІЛ, 30 ЖИДЕ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Жиекқұмдық жастар жұмыла еңбек етіп, тал-терек отырғызды.

Көктемнің алғашқы нөсерінде жиекқұмдық ағайын қызыл судың әлегін көрген еді. Құмның көшуі де ауыл жастарын алаңдатпай қоймайды.

– Ауылдың жас буыны құм көшкінін тоқтатуда жасыл желектің маңызы зорлығын жақсы түсінді. «Тал-терек қолжетімді болса, аянып қалмас едік. Біз бел шешіп, бірге әрекет етпесек, туған ауылымыздың тағдырына кім алаңдайды? Құм көшкініне тосқауыл болса, мыңдаған көшетті отырғызуға дайынбыз» деді.  Нәтижесінде 200 дана сексеуіл, 30 дана жиде отырғызылды. Жігерлі жастарымызды қолдап, игі істің нәтижелі жүзеге асуына қолдау көрсеткен Орда орман шаруашылығы мекемесінің директоры Ақылбек Әлсейітовке айтарымыз алғыс қана,  — дейді Бисен ауылдық округ әкімі Кенжебек Құрмашев.

Анар АРТЫҚБАЙ