10.05.2017, 14:40
Қараулар: 327
Саптағы біздің сардарлар

Саптағы біздің сардарлар

Міне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына да ширек ғасыр толып отыр. Елдің елдігін сақтап, сыртқы жаудан қорғану үшін де сарбаздарды үйретіп, әскер жасақтау ертеден қалыптасқан жайт. Бұл істе сардарларға жүктелер міндет зор. Қай кезде де намысқа тырысып, алдыңғы лектен көрінуге ұмтылатын бөкейліктердің арасынан қол бастаған сардарлардың, яғни, тұңғыш қазақ генералдарының шығуы заңды құбылыс сияқтанады. Ғұбайдолла Жәңгіров патшалық Ресейдің, ал, Шәкір Жексенбаев Кеңес Армиясының генералы атанды. Осы сапта Рамазан Құрманғалиевымыз және бар.

Дәл бүгінгі күні де елу шақты жерлесіміз Тәуелсіз Қазақ елі Қарулы Күштерінің офицері. Олардың бірқатарының есімін мерейлі мерекеде ерекше ілтипатпен атап, аудан оқырмандарына таныстыруды жөн көрдік. Подполковник Менеев Артур Абатұлы Ресейдің Жуковский атындағы әскери академиясында оқып жатса, екінші бір подполковник Өтегенов Нұрболат Нұрмұхамбетұлы әскери аэропорттың коменданты. Майор Мырзағалиев Мирас Тоқтамысұлы «Миг-27» ұшақтарынан жасақталған эскадрилия командирі болса, майор Бисенбаев Жасқайрат Нұрлыбайұлы авиабаза инженері, майор Сайфединов Жасұлан Тәпенұлы штурман, капитан Хамзин Марат Қайырбекұлы «Ми-26» экипажының командирі. Майор Өтеев Винир Зауырұлы ұлттық «Ұланда» қызмет етсе, майор Ахметов Ербол Мұхтарұлы әскери бөлім командирінің орынбасары. Майорлар Бисенбаев Алмат Нұрлыбайұлы мен Сәрсенғалиев Нұрлыбек Асылбекұлы штаб бастықтары. Капитан Мөкешев Марат Темірболатұлы рота командирінің орынбасары.

Бұлардың бәрі де туған жерлерінің туын биік көтеріп жүрген Нарынның нар ұлдары. Мерейлі мерекелеріңізбен қымбатты жерлестер, дейміз біз оларға.

Ержан ҚАЗИХАНОВ,

аудандық қорғаныс бөлімі

бастығының орынбасары,

 подполковник.