17.07.2018, 9:55
Қараулар: 232
Қоғамдық кеңес

Қоғамдық кеңес

Аудандық қоғамдық кеңестің (төрағасы С.Таңатов) кезекті отырысында жеті мәселе талқыланды.

Алдымен, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Р.Абдоллина «Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №13-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөніндегі» шешім жобасымен, аудан әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Н.Бисекенов «Жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылымен» таныстырды. Аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы К.Қадырұлы «Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 12 шілдедегі №11-3 «Аудандағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің» және «2013 жылғы 28 желтоқсандағы №14-9 «Аудан бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаттарын бекіту туралы» шешімдеріне өзгеріс енгізу жобасын ұсынып, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы», ал, аудандық ветеринария бөлімі басшысы Н.Құсайынов пен ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясы басшысы Ғ.Әлібеков ветеринариялық іс-шаралардың атқарылуы және ветеринариялық бақылау жұмыстарының барысы туралы хабарлама жасады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты биылғы жылдың қаңтарынан халық саны екі мыңнан асатын округтердің өз бюджеті (төртінші деңгейлі) қалыптасып, атқарыла бастағаны белгілі. Олардың ішіне ауданымыздың Сайқын, Орда, Бисен округтері кірген еді. Аталмыш отырыста алғашқы екі округтің әкімдері М.Аққалиев пен М.Сисеновтің бюджеттің қалыптасуы мен жұмсалуы хақындағы есептері тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында кеңес төрағасы мен мүшелері хабарламашыларға сұрақтар қойып, кей жайларды пысықтап, пікір білдіріп, белсенділік танытты. Жиналыста сөз алған аудан әкімі Н.Рахымжанов бұл үрдісті оң бағалап, тұрғындар да әр іске осылайша араласса және бюджет  қаржысы тиімді жаратылуына атсалысса деген тілегін айтты. Отырыс қорытындысында хаттамалық шешім қабылданды.

Каримолла ҒАЙСИН.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.