15.11.2019, 11:16
Қараулар: 104
МҮГЕДЕК ЖАНДАР НАЗАРСЫЗ  ҚАЛМАЙДЫ

МҮГЕДЕК ЖАНДАР НАЗАРСЫЗ  ҚАЛМАЙДЫ

Сәрсенбінің сәтті күнінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші  орынбасары Мейрамбек Аққалиев «Кедергісіз келешек»  ұлттық жобасы аясында мүгедек азаматтардың шаңырағына арнайы барып, хал-жағдайларын білді.

Алдымен еңбек ардагері, ұстаз Ұлғаным Жұмағалиеваның  жаңа қонысына бас сұғып, құтты болсын айтып, келгендегі мақсатын түсіндірді.  Ұлғаным әжей санитарлық-гигиеналық шараларды іске асыруға көмек көрсетілсе, ай сайынғы пәтер ақысына қандай ма жеңілдіктер қарастырылса деген өтінішін жеткізді. Дәл осындай мақсатпен  І топ мүгедегі Абай Мыңбаевтың, еңбек және тыл ардагері Александра Сусинаның үйлеріне  де барды. Александра Сусина учаскелік дәрігердің жиі қатынап, денсаулығын ұдайы бақылауды қолға алса деп айтты

Өз кезегінде  төрағасы орынбасары Мейрамбек Аққалиев   айтылған талап-тілектердің аяқ асты қалмайтынын, тиісті мекеме өкілдеріне жеткізілетінін  қаперлеріне берді.

Өз тілшіміз