16.08.2018, 15:47
Қараулар: 137
 » 
Зиянкестермен күрес

Зиянкестермен күрес

Ауданда биыл 69780 га жерге химиялық өңдеу жүргізіледі деп жоспарланғанмен, шегіртке дернәсілдері байқалған көлемнің азаюына байланысты 62780 га жер өңделді. Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінің көлемі жылдан жылға кему үстінде (2017 жылы 111085 га еді). Ағымдағы жылы Ұялы, Т.Масин, Саралжын округінде үйірлі шегіртке дернәсілдері байқалмады. Орда ауылдық округінде 25880 га, Бисенде 18400 га, Мұратсайда 17000 га, Сайқын ауылдық округінде 1500 гектарды Шымкент қаласындағы «Өсімдік қорғау» ЖШС-і 3 «ГАЗ-66» автокөлігімен жерден, Алматы қаласындағы «Агро СЛА» ЖШС-і 1 дельталетпен әуеден улау жұмыстарын жүргізді. Химиялық өңдеу жұмыстарының дер кезінде және сапалы атқарылуы арқасында биыл үйірлі шегірткелердің топтасып ұшуы болған жоқ.

Жазғы зерттеудің нәтижесі бойынша 2019 жылы химиялық өңдеу жұмыстары бар болғаны 25-30 мың гектарды  алады деп күтілуде. 3 жылда үйірлі шегірткелер көлемінің 4 есеге қысқаруы Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының, округ әкімшіліктерінің және болжамдар әдістемелік орталығы ұжымдарының бірлескен жұмыстарының жемісі екені даусыз. Өсімдік зиянкестері жойылса, шөп те жайқала өсіп, құнарлылығы да артары хақ.

Мырзабай НҰРҒАЛИЕВ,

Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекцияның

 өсімдіктерді қорғау жөніндегі

мемлекеттік инспекторы.

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.